Мазмұнға өту
СӨЗДІК ҚОР + СТРАТЕГИЯ

Сөзталас ережесі

Мақсат: көбірек ұяшық иелену

Екі ойыншы бір 5×5 тақтада кезектесіп ойнайды. Тақтада 25 әріп бар. Жаңа әріп қоспайсыз, әріптерді жылжытпайсыз. Нәтиже — өз түсіңіздегі ұяшықтардың саны. Ұзын сөзге бөлек ұпай не бонус берілмейді.

Әріптерді ретімен басыңыз

Сөз құру үшін әріптер көршілес болуы міндетті емес. Тақтаның кез келген жеріндегі ұяшықтарды таңдауға болады.

Қ → А → Л → А = ҚАЛА

Бір ұяшық — бір рет

А₁ → Р → А₂ = АРА ✓
А₁ → Р → А₁ ✕

Сөзде әріп қайталанса, тақтадан сол әріптің бөлек ұяшықтарын таңдаңыз. Соңғы таңдаған ұяшықты қайта басу немесе «←» соңғы әріпті өшіреді. «Тазалау» бүкіл таңдауды өшіреді.

Кемінде 3 әріп

Екі әріпті сөздер қабылданбайды. Ортақ белсенді сөздік қолданылады: зат есім, сын есім, сан есім, үстеу, еліктеуіш және одағай. Сөз негізгі тұлғасында болсын. Етістік, есімдік, шылау және жалқы есімдер өтпейді. Қордағы белсенді кірме сөздер мен терминдер қабылданады. Ё мен Е тең.

Ұяшықтар қалай иеленіледі?

«Жүріс жасау» батырмасын басқанда сөз тексеріледі. Пайдаланған бос ұяшықтар мен қарсыластың қорғалмаған ұяшықтары сізге өтеді. Өз ұяшықтарыңызды жаңа сөзге қайта қолдануға болады.

ҚАЛА-ға дейін
ҚАЛА-дан кейін

Қорғалған ұяшық

Ұяшықтың айналасындағы барлық нақты көршісі сол ойыншыға тиесілі болса, ол қорғалады. Көршілер көлденең, тік және диагональ бойынша есептеледі. Ортасында 8, шетінде 5, бұрышында 3 көрші бар. Тақта сыртындағы орындар есептелмейді.

Қос жиекпен белгіленген орталық ұяшық қорғалған. Қарсыластың қорғалған әрпін таңдауға да, сөзде қолдануға да болмайды. Өз қорғалған әрпіңізді қолдануға болады.

Қорғанысты қалай бұзуға болады?

Көршінің бірі қарсыласқа өтсе, қорғаныс жоғалады. Бірақ қорғаныс жүрістің басындағы күймен есептеледі: бір жүрісте қоршауды бұзып, сол жүрісте бұрын қорғалған орталықты тартып ала алмайсыз. Ол келесі жүрістерден бастап алынуы мүмкін.

Сөз қайталанбайды

Бір сөзді бір матч ішінде екі ойыншы да екінші рет қолдана алмайды. Басқа жарамды сөз оның түбіріне ұқсас болғаны үшін тыйым салынбайды.

Жүрісті өткізу және уақыт

Рейтингтік және ботпен ойында әр жүріске 90 секунд беріледі. Уақыт біткенде жүріс автоматты өткізіледі. Бетті жаңарту немесе сөз мағынасын ашу таймерді тоқтатпайды. Үш жеке кезегінде қатарынан уақыт өткізіп алған ойыншыға жеңіліс есептелуі мүмкін.

Достық ойында 60, 90, 120 секунд немесе уақытсыз режим бар. Уақытсыз матчқа кейін қайта кіріп жалғастыра аласыз.

Ойын қашан аяқталады?

  1. Бос ұяшық қалмаса, ойын бірден аяқталады.
  2. Екі ойыншы қатарынан жүріс өткізсе, ойын аяқталады. Уақыт өткізу де есептеледі.

Көбірек ұяшық иеленген ойыншы жеңеді. Толық тақтада 25 ұяшық болғандықтан тең есеп болмайды. Екі жүріс өткізуден кейін есеп тең болса, тең ойын тіркеледі.

Режимдер мен нәтиже

Ботпен тіркелусіз ойнауға болады: оңай, орташа, қиын. Онлайн рейтингтік матчқа Telegram арқылы кіріңіз. Досқа сілтеме, тікелей шақыру және қайта матч достық режимде өтеді, рейтингті өзгертпейді.

Ойын барысындағы сөзді басып, барлық мағынасы мен дереккөзін қараңыз. Қорда жоқ сөзді қате терезесінен ұсынуға болады; оны әкімші тексереді. Ойыннан шығуды растасаңыз, жеңіліс есептеледі.

ҮШ ОЙЫН — БІР ҚОЛДАНБА

Телефонға орнату

Ойындар басты экраныңыздан бірден ашылсын.

  1. Сайтты Chrome браузерінде ашыңыз.
  2. ⋮ мәзірінен «Басты экранға қосу» немесе «Қолданбаны орнату» таңдаңыз.
  3. Орнатуды растаңыз.

Ойындар мен сөздікті тексеру үшін интернет қажет. Орнату мүмкіндігі браузерге байланысты.

СӨЗДІК ҚОРЫ

Сөз мағынасы

СӨЗДІКТІ БІРГЕ ТОЛЫҚТЫРАЙЫҚ

Жаңа сөз ұсыну

Ұсынысты редакция тексереді. Сөз бірден ойынға қосылмайды.

Зат есім, сын есім, сан есім, үстеу, еліктеуіш және одағай. Етістік енгізілмейді. Email қажет емес.