Мазмұнға өту
ЖОБА ТУРАЛЫ

Ойын арқылы
тілге қайта үңілу.

Таныс әріптер. Тосын сөздер. Күн сайын ойлануға жаңа себеп.

Ойыннан басталатын қызығушылық

Бұл жоба қазақ тіліндегі сөз ойындарын дамыту үшін жасалды. Оның мақсаты — ойын арқылы сөздік қорды байыту, ұмытылып бара жатқан сөздерді еске түсіру, жаңа сөздер үйрену және логикалық ойлауды дамыту.

Әр партияда таныс емес сөз кездесу мүмкін. Оның мағынасын ашып оқу ойынның бір бөлігіне айналса дейміз. Қазақша ойнайтын, сөз талқылайтын, бір-бірінен үйренетін орта қалыптастырғымыз келеді.

Неге қазақша сөз ойындары?

Қазақ тілінде қысқа да, ұзын да сөздер жеткілікті. Бес ойын тілдің осы мүмкіндіктерін әртүрлі пайдаланады.

Сөзуар — қысқа сөздің де орны бар

Сөзуар классикалық Scrabble механикасына ұқсас. Қазақ тіліндегі екі және үш әріптік сөздер мұнда маңызды: олар жаңа сөздерді қиыстырып құруға мүмкіндік беретін тірек сөздер қызметін атқарады. Екі әріпті сөздерді «тым қысқа» деп алып тастамаймыз.

Ділмар — ұзын сөзге апаратын жол

Ділмарда бір әріп қосып, тақтадағы әріптерден тізбек құрасыз. Сөз неғұрлым ұзын болса, ұпай соғұрлым көп. Қазақ тілінің бай сөздік қоры әртүрлі жол іздеуге мүмкіндік береді. Бірақ жалғауды еркін жалғап, кез келген тұлғаны жасауға болмайды: қолданыстағы сөздік пен негізгі тұлға ережесі сақталады.

Сөзділ — әріптен қорытынды жасау

Сөзділ сөзді тануға, әріптердің орнын логикалық жолмен анықтауға және сөздік қорды сынауға арналған. Қалағаныңызша ойнай беріңіз: әр жаңа ойында қордан кездейсоқ сөз таңдалады.

Әріптор

Әріптор көршілес әріптердің арасынан сөз іздеуге негізделген. Ол жылдам ойлауды, сөзді тез тануды және сөздік қорды пайдалануды талап етеді. Жеке немесе басқа ойыншымен бір тақтада 3 минут бойы сөз іздеңіз.

Сөзталас — сөз бен тактика

Сөзталас сөздік қор мен тактиканы біріктіреді. Ойыншы сөз жасау арқылы тақтадағы аумақты иеленіп, қарсыластың ұяшықтарын тартып алады және өз аумағын қорғайды.

Сөздік қоры

Ойындардағы сөздік қор ашық қолжетімді тілдік ресурстар негізінде қалыптастырылды. Нақты дереккөз сақталған болса, ол сөздің түсіндірмесінде көрсетіледі. Ақпарат жоқ жерде дереккөз ойдан шығарылмайды.

Қандай сөздер қолданылады?

Жобаның негізгі сөздік саясаты: зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, үстеулер, еліктеуіш сөздер және одағайлар. Етістіктер негізгі ойын сөздігіне енгізілмейді. Жалқы есімдер, есімдіктер мен шылаулар қабылданбайды. Сөз негізгі тұлғасында болуы керек.

Ойындар редакция тексеріп, белсенді еткен қорды пайдаланады. Белгіленбеген сөзге жалған сөз табын тағайындамаймыз; күмәнді жазбалар тексеріледі.

Кірме сөздерге неге рұқсат бар?

Жобаның сөздігі тек көне немесе төл сөздермен шектелмейді. Қолданыста қалыптасқан кірме сөздер, терминдер, неологизмдер және кейбір әріп атаулары да болуы мүмкін. Мысалы, араб немесе грек әріптерінің қазақша оқылуы сөздікте кездесуі ықтимал. Оларды қабылдау редакциялық тексеру арқылы шешіледі.

Мағынасын бірден қараңыз

Сөзуар мен Ділмарда қолданылған сөзді, Сөзділде қабылданған болжамды басып, түсіндірмесін оқуға болады. Сөзділдің жасырылған жауабы мен оның мағынасы тек ойын аяқталғанда ашылады.

Жаңа сөз ұсыну

Қорда жоқ сөзді мағынасымен және дереккөзімен ұсына аласыз. Бұл өрістерді толтыру міндетті емес, бірақ тексеруге көмектеседі. Ұсыныс бірден ойынға қосылмайды.

Алда не бар?

Болашақта платформада ойыншылардың жеке кабинеті мен рейтингін қалыптастыру, Сөзуар, Ділмар және басқа ойындар бойынша онлайн және офлайн жарыстар өткізу жоспарланған. Қазір негізгі назар — бес ойынның сапасы мен сөздік қорын жетілдіруде.

Жоба авторы — Аршат Ораз

Сұрақ, ұсыныс немесе серіктестік туралы хабарласыңыз.

ҮШ ОЙЫН — БІР ҚОЛДАНБА

Телефонға орнату

Ойындар басты экраныңыздан бірден ашылсын.

  1. Сайтты Chrome браузерінде ашыңыз.
  2. ⋮ мәзірінен «Басты экранға қосу» немесе «Қолданбаны орнату» таңдаңыз.
  3. Орнатуды растаңыз.

Ойындар мен сөздікті тексеру үшін интернет қажет. Орнату мүмкіндігі браузерге байланысты.

СӨЗДІК ҚОРЫ

Сөз мағынасы

СӨЗДІКТІ БІРГЕ ТОЛЫҚТЫРАЙЫҚ

Жаңа сөз ұсыну

Ұсынысты редакция тексереді. Сөз бірден ойынға қосылмайды.

Зат есім, сын есім, сан есім, үстеу, еліктеуіш және одағай. Етістік енгізілмейді. Email қажет емес.