Мазмұнға өту
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ

Ділмар

Әріптерді жалғап, мүмкіндігінше ұзын сөздер құрастыр.

Ойынды бастау →

Бір әріп қос. Жаңа сөз тап.

  1. 5×5 тақтаның ортаңғы қатарына қордан кездейсоқ бес әріпті сөз қойылады.
  2. Кезегіңізде толтырылған ұяшыққа көлденең немесе тігінен жанасатын бос жерге бір әріп қосыңыз.
  3. Жаңа әріпті міндетті түрде қамтитын сөздің әріптерін ретімен белгілеңіз. Тізбек көлденең не тігінен жүреді; қиғаш жүруге және бір ұяшыққа қайта оралуға болмайды.
  4. Сөздің әр әрпіне 1 ұпай беріледі. Ұзын сөз көбірек ұпай әкеледі. Бастапқы сөз бен бұрын қолданылған сөздер қайта қабылданбайды.
  5. Жүрісті өткізуге болады. Тақта толса немесе екі ойыншы жалпы алты рет қатарынан жүріс өткізсе, ойын аяқталады. Ұпайы көп ойыншы жеңеді; тең ұпай — тең ойын.

Ойын ботпен жүреді, үш қиындық деңгейі бар. Бастапқы сөз бен тарихтағы сөздерді басып мағынасын ашуға болады.

Ортақ сөздік ережесі

Зат есім, сын есім, сан есім, үстеу, еліктеуіш және одағай қолданылады. Етістік, есімдік, шылау және жалқы есімдер қабылданбайды. Сөз негізгі тұлғасында болуы керек; оған еркін жалғау-жұрнақ қосуға болмайды. Ойын белсенді сөздік жазбаларын тексереді. Е мен Ё тең саналады.

Кірме сөздер, терминдер мен неологизмдерге жаппай тыйым жоқ: олар сөздік саясатына сай тексеріледі. Қате немесе жоқ сөзді редакцияға ұсыныңыз.

ҮШ ОЙЫН — БІР ҚОЛДАНБА

Телефонға орнату

Ойындар басты экраныңыздан бірден ашылсын.

  1. Сайтты Chrome браузерінде ашыңыз.
  2. ⋮ мәзірінен «Басты экранға қосу» немесе «Қолданбаны орнату» таңдаңыз.
  3. Орнатуды растаңыз.

Ойындар мен сөздікті тексеру үшін интернет қажет. Орнату мүмкіндігі браузерге байланысты.

СӨЗДІК ҚОРЫ

Сөз мағынасы

СӨЗДІКТІ БІРГЕ ТОЛЫҚТЫРАЙЫҚ

Жаңа сөз ұсыну

Ұсынысты редакция тексереді. Сөз бірден ойынға қосылмайды.

Зат есім, сын есім, сан есім, үстеу, еліктеуіш және одағай. Етістік енгізілмейді. Email қажет емес.