Мақсат: 3 минутта көбірек сөз табу
Негізгі тақта — 4×4, яғни 16 әріп. Үлкен тақта — 5×5. Екі режимде де 180 секунд беріледі. Ең қысқа сөз — 3 әріп. Екі әріпті сөз қабылданбайды.
Уақытсыз жаттығу
Жеке ойында «Уақытсыз жаттығу» режимін таңдауға болады. Таймер жоқ, асықпай сөз іздеп, мағынасын оқи аласыз. Бетті жаңартсаңыз, ойын сақталады. Дайын болғанда «Жаттығуды аяқтау» басыңыз. Жаттығу статистикасы 3 минуттық нәтижеден бөлек есептеледі. Онлайн раундтар 3 минут болып қалады.
Сөз қалай құрылады?
Бір әріптен бастап, саусағыңызды көрші әріптермен жүргізіңіз. Босатқанда сөз автоматты жіберіледі. Компьютерде тінтуірмен сүйреңіз. Қате таңдасаңыз, дәл алдыңғы ұяшыққа кері жылжып, соңғы әріпті алып тастай аласыз. «Басып таңдау режимі» пернетақтамен де жұмыс істейді.
8 бағыттың бәрі жарамды
Көлденең, тік және диагональ бойынша жалғаңыз. Ұяшықтан аттап секіруге болмайды.
Болады: АЛМА
А → Л → М → А. Әр келесі ұяшық алдыңғысына жанасады.
Болмайды: секіру
А мен М арасында Л тұр. Әріптер бір-біріне жанаспайды.
Бір ұяшықты екі рет қолданбаңыз
Бөлек екі А — жарамды
Алғашқы А-ға қайту — жарамсыз
Бір әріп тақтада бірнеше жерде тұрса, әр бөлек ұяшықты қолдануға болады. Бір сөз ішінде бір ұяшыққа қайта оралуға болмайды.
Ұпай кестесі
| Сөз ұзындығы | Ұпай |
|---|---|
| 3 әріп | 1 |
| 4 әріп | 1 |
| 5 әріп | 2 |
| 6 әріп | 3 |
| 7 әріп | 5 |
| 8+ әріп | 11 |
Бір сөз раундта бір рет қана есептеледі. Ойын жергілікті белсенді сөздікті пайдаланады: зат есім, сын есім, сан есім, үстеу, еліктеуіш және одағай. Е мен Ё тең. Кірме сөздер мен терминдер сөздікте белсенді болса қабылданады.
Онлайн: бір тақта, бір уақыт
Екі ойыншыға бірдей тақта мен бірдей 3 минут беріледі. Кезек күтпей, қатар сөз іздейсіздер. Қарсыластың сөздері раунд біткенше жасырын. Екеуіңіз де тапқан сөздер ешкімге ұпай әкелмейді. Тек өзіңіз тапқан сөздер қорытынды ұпайға кіреді.
| Аршат | Данияр |
|---|---|
| АРА · +1 | ТАР · +1 |
Бұл мысалда нәтиже 1:1 — тең ойын. Рейтингтік стандарт — 4×4. 5×5 достық ойында қолжетімді; нәтижелері бөлек сақталады. Қайта матч достық режимде өтеді.
Уақыт аяқталғанда
Тақта құлыпталады. Аяқталмаған немесе серверге уақыттан кеш жеткен сөз есептелмейді. Тақта астында сөз ұзындығы бойынша табылған және барлық сөз саны көрсетіледі: 3 әріп · 1/8, 4 әріп · 2/6. Нәтижеде тек табылған сөздердің мағынасын дереккөзімен оқи аласыз. Табылмаған сөздер ашылмайды. Бетті жаңарту, мағына терезесін ашу және интернеттің үзілуі уақытты тоқтатпайды.