Сөзуар туралы

Қазақ тілінде еркін пікірталас жүргізуге арналған платформа.

Платформа не үшін?

Сөзуар — тақырып ашып, ой бөлісуге, пікір алмасуға және бір-бірінен үйренуге мүмкіндік беретін қазақтілді қоғамдастық алаңы.

Мұнда кез келген тіркелген қолданушы тақырып ашып, жазба жариялай алады. Жазбалар рейтинг жүйесі арқылы бағаланады.

Өсекті деген не?

Өсекті — соңғы 24 сағатта ең көп жазба түскен, ең белсенді талқыланған тақырыптар тізімі. Күнделікті трендті осы беттен бақылауға болады.

Күп деген не?

Күп — Кешегі Үздік Посттар: кеше ең жоғары бағаланған жазбалар жиынтығы. Ең жақсы мазмұнды таңдайтын редакция рөлін алгоритм атқарады.

Кімдер үшін?

Технология, ғылым, мәдениет, қоғам — кез келген тақырыпта қазақша сөйлескісі келетін барлығы үшін.